Құрметті әріптестер!
Сіздерді алғаш біздің аймақтағы бауырды зерттеу бойынша Азия-Тынық мұхиты қауымдастығының «Бауыр циррозы: жиі және сирек кездесетін асқынулары» конференциясымен біріктірілген «IX Орталық Азия гастроэнтерология апталығы – 2024» Халықаралық Конгресіне қатысуға шақырамын.
Іс-шаралар 2024 жылдың 1-3 қарашасында Алматы қаласында өтеді.
Бұл гастроэнтерология, инфекциялық аурулар, терапия, жалпы тәжірибе, педиатрия, сәулелі диагностика, эндоскопия, онкология, хирургия және трансплантологиядағы жетекші мамандарды біріктіретін ерекше қайталанбайтын оқиға.
Сіздерді әлемге танымал сарапшылармен тәжірибе алмасу және олардың өзекті баяндамалары күтеді. Орталық Азия гастроэнтерология апталығы және APASL конференциясына қатысуыңыз Сіздердің профессионалдық тәжірибелеріңіздің кеңеюіне және өңірлердегі елдерде замануи гастроэнтерология мен гепатологияның дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдімін.
Біздің сайтымызда тіркелу қолжетімді. Медицинадағы осы маңызды оқиғаның бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз және әлемнің түкпір-түкпіріндегі әріптестерімізге қосылыңыз!
Бауырды Зерттеу Бойынша Қазақ Қауымдастығының Төрағасы, профессор Нерсесов А.В.
01-03.11.2024
алматы, казахстан
Конгресс форматы: гибридті (офлайн+онлайн)
  • Офлайн формат: қатысу ақылы, орын саны шектеулі (400 адам)
  • Онлайн формат: қатысу тегін
Өткізілетін күндері
Конгрестің өткізілетін күндері: 2024 жылдың 1-3 қараша аралығы
APASL Конференцияның өткізілетін күндері: 2024 жылдың 1-2 қараша аралығы
Мастер-кластардың өткізілетін күндері: 2024 жылдың 1-2 қараша аралығы
Ұйымдастырушылар
Конгресс пен мастер-кластар ұйымдастырушылары:
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
  • ҚР ДСМ С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті;
  • Бауырды зерттеу бойынша Қазақ Қауымдастығы;
  • "Interna Clinic" Гастроэнтерология, гепатология және метаболизм институты;
  • «Интэрнэшнл Трэвэл плюс» ЖШС (техникалық ұйымдастырушы).
APASL Конференциясының ұйымдастырушылары:
  • Бауырды зерттеу бойынша Азия-Тынық мұхиты Қауымдастығы (APASL);
  • Бауырды зерттеу бойынша Қазақ Қауымдастығы (БЗҚҚ);
  • Бауырды зерттеу бойынша Армян Қауымдастығы (БЗАҚ).
Бағдарламаға келесі бағыттар бойынша өткізілетін пленарлық отырыстар, ғылыми симпозиумдар кіреді
  • Бауыр циррозы, оның жиі және сирек кездесетін асқынулары;
  • Созылмалы вирусты гепатит;
  • Бауырдың май басу ауруы;
  • Бауырдың аутоиммунды аурулары;
  • Бауырдың дәрілік-индукцияланған зақымдануы;
  • Асқорыту мүшелерінің функционалдық аурулары;
  • Жоғарғы асқазан-ішек жолдарының аурулары;
  • Ішектің қабыну аурулары;
  • Инфекциялық гастроэнтерология;
  • Хирургиялық гастроэнтерология;
  • Гастроэнтерология мен гепатологиядағы канцерогенез және канцеропревенция;
  • Ас қорыту мүшелерінің орфандық аурулары.
Конгресс қатысушылары
  • Гастроэнтерологтар
  • Инфекционистер
  • Терапевтытерапевтер
  • Жалпы практика дәрігерлері
  • Педиатрлар
  • Сәулелі диагностика дәрігерлері
  • Хирургтар
  • Онкологтар
Конгресс және шеберлік-кластарға тіркелу
Конгресс және шеберлік-кластарға тіркелу тек жеке тұлғалар үшін ғана мүмкін. Тіркеу жарнасы APASL конференциясымен біріктірілген Конгресс іс-шараларына және шеберлік-кластарға қатысқаны үшін жеке қабылданады. Тіркелу құны қайтаруға жатпайды. Тіркеу жарнасының мөлшері тіркелу түріне байланысты болады (Қосымша №1 қараңыз):

  • www.kasl.kz немесе www.apaslstc_almaty2024.kz сайттарында 2024 ж. 10 шілдеден бастап 25 қазанға дейін
  • Конгресс өткізілетін орында 2024 ж. 01-03 қарашада жүргізіледі.
Кредиттік карта бойынша төлем жасау заңды тұлғалар үшін орындалған жұмыстар актісімен және шот-фактурамен расталмайды.
Тіркелуге төлем жасалғаннан кейін Сіз тіркеу кезінде көрсеткен электрондық мекенжайға шақыру хаты жіберіледі, оны тіркеу кезінде құрылған жеке кабинетіңізден басып шығару қажет.
Қатысушылар санының шектеулі екенін ескере отырып, тіркелуді алдын-ала жүргізген дұрыс болады. Офлайн қатысу орындары аяқталған кезде онлайн форматта қатысу мүмкіндігі қалады.
БАҒАЛАР
Конгресс
Қатысу үшін тіркеу жарнасы
Офлайн қатысу (орын саны шектеулі: 400 адам):
  • www.kasl.kz немесе www.apaslstc_almaty2024 сайттарында 2024 ж. 10 шілдеден бастап 25 қазанға дейін – 10 000 теңге
  • 2024 ж. 1-3 қарашада Конгресс өткізілетін орында – 12 000 теңге
Онлайн қатысу тегін

Өткізілетін күндері
2024 ж. 1-3 қараша
Конгресс өткізілетін орын
Rixos Almaty Hotel, Алматы қ., Сейфуллин данғылы 506/99

Тіркеу үстелінің жұмыс уақыты
01-03 қараша, 08:00-12:00
Пакет
  • Пленарлық отырыстарға, ғылыми симпозиумдарға қатысу
  • Қатысушының портфелі
  • Онлайн сертификат
  • Кофе-брейктер (тек офлайн қатысу үшін)
  • Презентациялардың бейнежазбаларына қолжеткізу
Салтанатты кешкi ас
«Cultural night»
40 000 теңге

Мастер-кластар
Тіркеу жарнасы әр мастер-класс үшін
Офлайн қатысу (орын саны шектеулі: 70 адам):
  • www.kasl.kz сайтында 2024 ж. 10 шілден бастап 25 қазанға дейін – 5000 теңге
  • 2024 ж. 1-2 қарашада мастер-класс өткізілетін жерде – 7000 теңге
Өткізілетін күндері
2024 ж. 1-2 қараша
Өткізілу орны
"Interna Clinic" Гастроэнтерология, гепатология және метаболизм институты, Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі 248
Пакет
  • Мастер-класқа қатысу
  • Онлайн сертификат
  • Кофе-брейк
  • Презентациялардың бейнежазбаларына қолжеткізу
Тезистерді ұсыну
Тезистерді жариялауға өтінімдер 10.07.2024 – 01.10.2024 аралығында www.kasl.kz сайтында «IX Орталық Азия гастроэнтерология апталығы – 2024» Конгресі (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) және www.apaslstc_almaty2024.kz сайтында APASL конференциясына (ағылшын тілінде) бөлек қабылданады.
Тезистерді ұсыну
  • Тезисті(терді) жіберу жүйесі арқылы жіберген автор, ұсынушы автор болып табылады.
  • Ұсынушы автор тезисті жариялау және ұсыну құқығын сақтау үшін 2024 ж. 01 қазаннан кешіктірмей тіркеліп, тіркеу жарнасын төлеуі қажет.
Ұсынушы автор тезистердің ШЕКСІЗ санын ұсына алады, сонымен қатар басқа тезистердің бірлескен авторы бола алады.

  • Әрбір тезисте авторлар саны 10- нан аспауы керек. Егер бірлескен авторлар тезис жіберу жүйесіне тіркелмесе, олар авторлар тізіміне енгізілмейді.
  • Тезистерді ұсыну тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша
  • Тезистің ұсынылатын құрылымы тақырыпты, авторлар тізімін және өзектілігін, материалдарын, әдістері мен нәтижелерін, сондай-ақ қорытындыларын қамтитын негізгі бөлімнен тұрады.
  • Тақырып бөлектеусіз, астын сызусыз және соңында нүктесіз бас әріптермен жазылуы керек.
  • Негізгі бөлім қосымшасыз 400 сөзден немесе бір кестені НЕМЕСЕ бір суретті НЕМЕСЕ бір кескінді тіркегенде 250 сөзден аспауы керек.
  • Қажет болған жағдайда мәтінге әдеби сілтемелер (ең көбі 2) енгізілуі мүмкін.
  • Ең үлкен файл өлшемі – 20 МБ.

Әрбір тезисті тек бір рет жіберуге болады. Бір тезисті әртүрлі номинациялар бойынша ұсынуға болмайды. Орталық Азия гастроэнтерология апталығының ұйымдастыру комитеті қарауға бұрын жарияланбаған түпнұсқадағы ғылыми материалды ғана қабылдайды. Егер бұрын халықаралық және жергілікті конгрестер мен конференцияларда баяндалған болса, тезистер қабылданбайды.

  • Ұсынушы автор тезистің дұрыс өңделуіне және дәлдігіне жауап береді. Кез келген орфографиялық, грамматикалық немесе ғылыми фактілердегі қателер автор жазғандай көрсетіледі. Тезистерде ғылыми деректер болмаса немесе жазу стилі сәйкес келмесе қабылданбайды.
  • Тезисті алуды растау туралы мәлімет ұсынушы автордың электрондық мекенжайына жіберіледі. Ұсынушы автор тезиске, презентация түріне және уақытына қатысты барлық хат-хабарларды тезисті жіберген кезде көрсетілген электрондық мекенжай арқылы алады.
  • Қабылданған тезистер электронды жинақта жарияланатын болады.
Тезистер жинағы
Номинациялар
Сыйлықты құрудың мақсаты гепатология саласындағы медицина қызметкерлерін клиникалық, ғылыми, педагогикалық қызметте белсенді қатысқаны және жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, инновациялық технологияларды енгізгені, бауыр аурулары бар пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартқаны үшін көтермелеу болып табылады.

  • Жас ғалымдар конкурсына қатысуға өтінімдер 2024 жылдың 01 қазанына дейін www.kasl.kz сайтында қабылданады.
  • Л.К. Пальгова атындағы сыйақы байқауына қатысуға өтінімдер 2024 жылдың 01 қазанына дейін www.kasl.kz сайтында қабылданады.
Төмендегі сілтеме бойынша сыйлықақы туралы толық ақпарат
Л.К. Пальгова атындағы сыйлықақы ережелері л. к. Пальгова атындағы сыйлықақы ережелері
Серіктестер
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Центрально-азиатская гастроэнтерологическая неделя
e-mail: kasl@kasl.kz
Телефон: +7 778 304 35 95
Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 248