Конгресс және шеберлік-кластарға тіркелу тек жеке тұлғалар үшін ғана мүмкін. Тіркеу жарнасы APASL конференциясымен біріктірілген Конгресс іс-шараларына және шеберлік-кластарға қатысқаны үшін жеке қабылданады. Тіркелу құны қайтаруға жатпайды. Тіркеу жарнасының мөлшері тіркелу түріне байланысты болады:
- www.kasl.kz немесе www.apaslstc_almaty2024.kz сайттарында 2024 ж. 10 шілдеден бастап 25 қазанға дейін
- Конгресс өткізілетін орында 2024 ж. 01-03 қарашада жүргізіледі.
Кредиттік карта бойынша төлем жасау заңды тұлғалар үшін орындалған жұмыстар актісімен және шот-фактурамен расталмайды.
Тіркелуге төлем жасалғаннан кейін Сіз тіркеу кезінде көрсеткен электрондық мекенжайға шақыру хаты жіберіледі, оны тіркеу кезінде құрылған жеке кабинетіңізден басып шығару қажет.
Қатысушылар санының шектеулі екенін ескере отырып, тіркелуді алдын-ала жүргізген дұрыс болады. Офлайн қатысу орындары аяқталған кезде онлайн форматта қатысу мүмкіндігі қалады.